Зияткерлік меншік

Зияткерлік меншік

Зияткерлік меншік (ЗМ) – құқық объектілері арасында жетекші орынды иеленеді.

Зияткерлік меншіктің өзектілігі артқан сайын оған жосықсыз пайдаланушылар тарапынан қызығушылық артып келеді.

2003 жылдан бастап біздің компания зияткерлік меншікті қорғаумен айналысатын жетекші заң фирмасы болып табылады. Біздің қызметіміздің шекарасы кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта біздің компания Орта Азиядағы зияткерлік құқықтар объектілеріне әлемдік құқық иеленушілердің мүдделерін білдіреді.

Біздің заңгерлер контрафактімен, зияткерлік меншік объектілерін заңсыз таратумен, авторлық құқық объектілерін көшірумен күресте жылдар бойы жинақталған тәжірибені қолдана отырып, құқық иелерінің тауар таңбаларына, бағдарламалық қамтамасыз етуге құқықтарын табысты қорғауда. Біз тауар белгілерін ұлттық және халықаралық тіркеуде айтарлықтай тәжірибеміз бар, лицензиялық келісімдер, франчайзинг шарттары және зияткерлік меншік құқықтарын беру туралы шарттар бойынша консультация береміз, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу; зияткерлік меншік құқықтарын сотқа дейінгі тәртіппен қорғау, халықаралық компаниялардың әртүрлі деңгейдегі соттар мен мемлекеттік органдардағы өкілдігі.

Қызметтер:

  • Тауар белгілері;
  • Тауар белгілерін халықаралық тіркеу;
  • Тауар белгілері бойынша іздестіру;
  • Пайдалы модельдер;
  • Өнеркәсіптік үлгілер;
  • Шығыс және Батыс Еуропа елдерінде, Балтық жағалауы, Закавказье және Моңғолияда, Тәжікстанда, Өзбекстан Қырғыз Республикасында патенттер алу
  • Лицензиялық келісім;
  • Франчайзинг;
  • Басқаға беру шарты;
  • Айрықша құқықтар кепілі шарты;
  • Авторлық және сабақтас құқықтар;
  • Фирмалық атаулар;
  • Коммерциялық құпия және ноу-хау;
  • Интернет және электрондық сауда;
  • Домендік аттар мен веб-сайттар;
  • ЗМ құқықтық сараптамасы;
  • ЗМ қорғау бойынша ескерту/талап қою шаралары;
  • ЗМ құқықтарын қорғау және контрафактілік өніммен күрес;

Қызметтер